Қазақстанда экономикалық дағдарыс аяқталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i34803-Қазақстанда_экономикалық_дағдарыс_аяқталды
Қазақстанның Ұлттық Экономика министрінің орынбасары елде экономикалық дағдарыстың аяқталғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 14, 2018 22:13 Asia/Almaty
  • Қазақстанда экономикалық дағдарыс аяқталды

Қазақстанның Ұлттық Экономика министрінің орынбасары елде экономикалық дағдарыстың аяқталғанын хабарлады.

Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ұлттық Экономика министрінің орынбасары Руслан Даленов баспасөз отырысында елдегі экономикалық дағдарыстың аяқталғанын, өткен жылы Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің 4 пайызды құрағанын, 2017 жылы өңделетін өнеркәсіптің дамуын 5,1 пайыз деп атап, осы кезеңде Қазақстанда дәрі өндірісінің 41,8 пайызға артқанын хабарлады.

Министрдің орынбасарының айтуы бойынша, өткен жылы 11,2 млн шаршы метр тұрғын үй эксплуатацияға беріліп, күре жолдың 4 000-нан астам шақырымы жөндеуден өткізілген. Сонымен қатар қазақстандық 400 компанияға әртүрлі қолдау көрсетілген.

Қазақстанның халықаралық салада жасаған мәмілелерінің көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 25 пайыздан (69,5 млрд доллар), экспорты 31,6 пайызға (43,1, млрд доллар) артқан.

Осы кезеңде мұнайдан тыс өнімдердің экспорты 14 млрд долларды құраған. Бұл 32,7 пайыздық өсімді көрсетеді.