Қазақстан жемқорлықпен күрес бойынша 122-орында тұр
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i35013-Қазақстан_жемқорлықпен_күрес_бойынша_122_орында_тұр
Жемқорлықпен күрес халықаралық рейтингінің жыл сайынғы ең жаңа нәтижесі бойынша, Қазақстан 31 ұпаймен 122-орында тұрақтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 23, 2018 16:52 Asia/Almaty
  • Қазақстан  жемқорлықпен күрес бойынша 122-орында тұр

Жемқорлықпен күрес халықаралық рейтингінің жыл сайынғы ең жаңа нәтижесі бойынша, Қазақстан 31 ұпаймен 122-орында тұрақтады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, 2016 жылы 29 ұпай жинап, тізім бойынша 131-орында болған Қазақстан 2017 жылы өзінің көрсеткішін жақсартып, Әзірбайжан республикасы, Молдова, Либерия, Малайзия және Непал сияқты елдермен бір деңгейге шықты.

Қазақстаннан кейін бұл тізімде Украина, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан елдері орналасқан.

1999 жылдан бері осы рейтингке қатысып келе жатқан Астана бірінші рет 31 ұпай жинап, әлемдегі ең жемқор елдердің тізімінен шықты.

Бұған қарамастан, Шығыс Еуропа аймағы мен Орта Азия елдері аймағында Қазақстан 10-орында тұр. Аймақтағы ең жақсы көрсеткіш Грузия, Белоруссия мен Арменияға тиесілі.

Жемқорлықпен күрес көрсеткішінде әлемнің әртүрлі елдеріне 0-ден 100-ге дейін ұпай беріледі. Бұл жерде 0 жемқорлықтың ең жоғары,  100 ең төмен көрсеткіші саналады.