Қазақстандағы Түркия елшісі Астана келіссөздерінің Сирия дағдарысын шешудегі маңызын қуаттады
Қазақстандағы Түркия елшісі Астана келіссөздерінің Сирия дағдарысын шешудегі маңызын қуаттады.
«КАЗИНФОРМ» агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстандағы Түркия елшісі Невзат Уианик бүгін сәрсенбі күні өткен хабар брифингінде Сирия дағдарысын шешудегі Астана келіссөздері үдерісін маңызды деп атап: «Сирия дағдарысындағы барлық тараптар бірінші рет Астанада келіссөз үстелінің басына отырды. Мұнымен қатар келіссөздердің сегіз кезеңінің нәтижесінде Сирияда қауіпсіз төрт аймақ құру үшін айқын мақсаттарға қол жеткізілді. Қазіргі таңда Астана келіссөздері үдерісіне кепіл елдердің Сыртқы Істер Министрлері деңгейінде наурыз айының басында Қазақстанның Елордасы Астана қаласында осы келіссөздерді жалғастыруды қарастырады» деді.
Астана келіссөздері ИИР, Ресей мен Түркияныңның бастамасымен Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу мақсатында қалыптасты.