Астанада Әлемдік діндердің жетекшілерінің алтыншы конгресін өткізу – Қазақстандағы 2018 жылдағы маңызды оқиға
Қазақстанның Сенат Парламентінің төрағасы Астанада әлемдік діндердің жетекшілерінің алтыншы конгресін өткізуді Қазақстандағы 2018 жылдағы маңызды оқиға деп атады.
Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша, ҚР Сенат Парламентінің төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ««Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты беделді дін ғалымдары мен танымал ойшылдар және қоғамдық белсенділердің қатысуымен Астанада өткен форумда дамыған исламды әлемге таныстырудағы Қазақстанның әлеуетіне сілтеме жасап: «Исламның гуманитарлық принциптерін теріске шығаратын күштер қауіпті түйткілдердің бірі саналады. Экстремистік топтар мен джиһадтық, лаңкестік идеяларды уағыздаушылардың әрекеттеріне алаңдау керек. Ұлттық сүннеттерді құрметтеу және отанды сүюге негізделген Ислам дінінің тағылымдары қоғамдық құндылықтарды жандандыру идеясымен сәйкестікке ие. Мақсаты исламның адамгершілік сүннеттерін жаңғыртып, экстремистерге қарсы ислам үмбетін біріктіру болған форум әлем елдерінің барлық мұсылмандары арасындағы ашық сұхбаттардың бастамасы болады» деді.