Астанада Иран мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері кездесті
Ресей, Түркия мен Иранның үшжақты отырысына қатысу үшін Қазақстанның елордасы Астана қаласына барған Иранның Сыртқы істер министрі жұма күні таңертең Қазақстан Сыртқы істер министрінің шақыруымен іскерлік таңғы асқа қатысты.
Мұхаммад Джавад Зариф пен Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбідрахманов осы кездесуде екі елдің энергетика, транзит, ортақ инвестициялар және сауда айналымын арттыру жайлы келісімдерін орындау қажеттігін қуаттады.
Экономикалық белсенділер үшін виза беруді жеңілдету, банкаралық ынтымақтастықтағы кедергілерді жою, Қазақстан компанияларының Иранда тасымал саласына инвестиция салуға қызығушылығы Зариф пен Әбідрахмановтың кездесуінде талқыланған тақырыптардың қатарын құрад.
Иран мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ, аймақ пен әлемнің ең маңызды мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Сириядағы атысты тоқтату бітімінің кепілгері ретіндегі үш ел – Ресей, Түркия мен Иранның үшжақты отырысы жұма күні таңертең Астанада Қазақстан Сыртқы істер министрінің сөз сөйлеуімен басталды.
Қайрат Әбідрахманов осы кездесуде өткен бір жылдың ішінде Астанада Сирия бейбітшілігіне қатысты келіссөздердің сегіз кезеңінің өткізілгеніне тоқталып: «Кепілгер үш елдің аға келісімгерлері мен Сирияда қақтығысушы тараптардың отырысын өткізу Сирияда қақтығыстарды азайту саласында маңызды жетістіктер әкелді»,-деді.