Зариф: "Ортақ қадамнан" шығу қателігі АҚШ-қа ауыр салдар келтіреді
Иран Сыртқы істер министрі: ""Ортақ қадам" бағдарламасында зерттеу мен дамыту саласындағы жайттар мен Иранның бейбіт тұрғыда өзінің ядролық қуатын дамыту мақсатында жасаған әрекеттеріне байланысты егер АҚШ "Ортақ қадамнан" шығып, қателік жасайтын болса, бұл Вашингтон үшін ауыр салдар келтіреді",- деді.
Мұхаммад Джавад Зариф жұма күні кешке Астанадан Теһранға қайтар жолда тілшілердің алдында сөйлеген сөзінде: "Дональд Трамп АҚШ президенті болған күннен бастап, тіпті оның алдында да "Ортақ қадам" бағдарламасын жою үшін талпыныс жасады. Осы кезеңдердің барлығында АҚШ "Ортақ қадамды" жүзеге асыруда міндеттерін бұзып келді",- деп мәлімдеді.
Зариф Теһранның "Ортақ қадам" келіссөздері кезінде өзін түрлі жағдайларға қатысты дайындағанын айтып: ""Ортақ қадам" бағдарламасында егер Иран өзінің экономикалық мүдделерін жүзеге асыра алмаса, тиісті шара қолдану жайттары толығымен қарастырылған",- деді.
Иран СІМ сондай-ақ 14 ай бұрын басталған Астана отырысының Сириядағы қақтығысты азайтуымен қоса, бұл елге жіберілетін гуманитарлық көмектердің артуына себеп болғанын баяндап: "Өкінішке орай, кейбір Батыс елдері әрдайым "Астана үдерісін" қиындыққа тіреу үшін түрлі жолдармен шара қолданып келді. Өткен апталарда АҚШ-тың қате саясаттарының салдарынан Сириядағы қақтығыстар арта түсті",- деп мәлімдеді.