Қазақстан СІМ: Иранмен ынтымақтастықтың көкжиегі оң
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i35842-Қазақстан_СІМ_Иранмен_ынтымақтастықтың_көкжиегі_оң
Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасарымен кездесуде: "Теһран-Астана саяси-экономикалық ынтымақтастығы дамып келеді. Оның көкжиегі – оң",- деді
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 30, 2018 20:05 Asia/Almaty
  • Қазақстан СІМ: Иранмен ынтымақтастықтың көкжиегі оң

Қазақстан Сыртқы істер министрі Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасарымен кездесуде: "Теһран-Астана саяси-экономикалық ынтымақтастығы дамып келеді. Оның көкжиегі – оң",- деді

Қазақстан СІМ Қайрат Әбдірахманов Өзбекстан астанасы Ташкентте "Ауғанстандағы бейбітшілік" тақырыбында өткен конференция аясында Иран СІМ-нің Саяси істер жөніндегі орынбасары Сейіт Аббас Арақчимен кездесуде екі елдің Сирияда бейбітшілік пен тұрақтылық орнату саласындағы аймақтық және халықаралық ынтымақтастығына сілтеме жасап, Иранға "Астана келіссөздерінде" қатысқаны үшін алғыс білдіріп, оның қатысуының Сирия бейбітішілік келіссөздерінің беделін көтергенін айтты.

Қайрат Әбдірахманов "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын толығымен қолдап, барлық тараптардың бұл келісімге берік болу қажеттігін қуаттады.

Сейіт Аббас Арақчи кездесуде Иран мен Қазақстан арасындағы қатынастарға разылығын білдіріп, Астанаға оның "Ортақ қадам" бағдарламасына қатысты ұстанымдары мен елдің аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатудағы әріптестіктері үшін алғыс білдірді.

Сондай-ақ Арақчи Теһран мен Астананың аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты ынтымақтастық жасауын сұрады.

"Ауғанстандағы бейбітшілік – қауіпсіздік саласындағы әріптестік пен аймақтық байланыстар" тақырыбындағы Ташкент конференциясы наурыздың жиырма жетісі күні Өзбекстан мен Ауғанстан президенттері, 25 мемлекет пен аймақтық және халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Өзбекстанның астанасында өтті.