Теһран мен Астана қарым-қатынасы жаңа кезеңге аяқ басты
ИИР-ның Қазақстандағы елшісі екі ел қарым-қатынасының өткен жылдары сындарлы болғанын айтып, Теһран мен Астана қарым-қатынасының жаңа кезеңге аяқ басқанын мәлімдеді.
ИИР-ның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Дамирчилу сейсенбі күні Fars ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "Иран мен Қазақстан ие мүмкіндіктер мен екі елдің саяси-экономикалық салалардағы өзара мүдделерін назарға алатын болсақ, екі ел қарым-қатынасының болашағы зор.
Иран мен Қазақстанда әртүрлі салаларда әріптестікті дамытуға жағдай жасалған. Қазіргі таңда ынтымақтастықтарды одан ары дамыту үшін ешқандай кедергі жоқ",-деді.
ИИР-ның Қазақстандағы елшісі екі елдің экономикалық ынтымақтастығы ортақ комиссиясының Астанада өткізілетін алдағы отырысына тоқталып: "Екі ел қарым-қатынасындағы ең маңызды экономикалық өзгерістердің қатарына Иран-Түркіменстан-Қазақстан үшжақты темір жолының салынып, іске қосылуы, Иранның солтүстігінде ортақ элеватордың ашылуы, инженерлік-техникалық қызмет көрсету, тау-кен саласына өзара инвестиция салу және тікелей әуе рейстерінің санын арттыру жатады",-деді.
Дамирчилу Иран мен Қазақстан арасында мұнай айырбасын қайта жандандыру жолында талпыныстар жасалып жатқанын айтып: "Екі елдің 2017 жылғы сауда айналымының құны шамамен 500 млн долларды құрады. 2016 жылмен салыстырғанда өзара айналымнан өсім байқалады",-деді.