Қазақстанда Telegram бұғатталады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i35948-Қазақстанда_telegram_бұғатталады
Telegram әлеуметтік желісі Қазақстанда кейбір қолданушыларының теріс белсенділігіне байланысты бұғатталады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 04, 2018 20:16 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Telegram бұғатталады

Telegram әлеуметтік желісі Қазақстанда кейбір қолданушыларының теріс белсенділігіне байланысты бұғатталады.

Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Telegram әлеуметтік желісі Қазақстанда осы ел үкіметінің өтінішін орындамауына байланысты, соның ішінде Қазақстан үкіметі қарсыластарының өкілі Мұхтар Әбілязовқа тиесілі «Қазақстанның Демократиялық Таңдауы» қозғалысы каналының жұмысына шектеу қоюды сұрағанын қанағаттандырмағандықтан бұғатталады.

Бүгінде Ресейдің «ВКонтакте» және «Однаклассники» әлеуметтік желілері де қазақстандық қолданушылардың Қазақстан үкіметі қарсыластарының кейбір парақшаларына қолжетімділігін шектеген.

Наурыз айының 13 күні Астана қаласының Есіл ауданының Соты ел үкіметінің қарсыласы, қашып жүрген бизнесменге тиесілі ҚДТ қозғалысын халықты жүйені өзгертуге шақырғаны үшін экстремист ұйым деп жариялады.