Қазақстан Мәскеу, Ашхабад және Ташкентпен қатынастарын кеңейтуге мүдделі
Қазақстан президенті өз елінің Ресей, Өзбекстан және Түркіменстанмен қатынастарын кеңейтуге мүдделі екені баса айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Ресей, Өзбекстан және Түркіменстанның елшілерімен жеке-жеке кездесуінде аймақ елдерімен қатынастарды кеңейтуді Қазақстанның сыртқы саясаты деп атады.
Назарбаев Астанадағы Ресейдің жаңа елшісі Алексей Бородавкинмен кездесуінен кейін бұл елдің Мәскеумен қатынасын аймақтық әріптестік пен стратегиялық бірліктің оңтайлы үлгісі деп бағалады.
Қазақстан президенті Өзбекстанның жаңа елшісі Саидикрам Ниязходжаевпен кездесуінде екі елдің ортақ байланыстарына сілтеме жасап, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің соңғы айлардағы Астана мен Ташкент қатынастарын одан әрі нығайтудағы рөлін баса айтты.
Назарбаев Қазақстандағы Түркіменстанның жаңа елшісі Тойлы Комековпен кездескеннен кейін: "Түркіменстан президентінің өткен жылдың сәуір айында жасаған сапары екі ел арасындағы қатынастар тарихында барлық сала бойынша жаңа кезеңге жол ашты",- деді.