Қазақстанның көгінде бірінші әйел ұшқыш ұшты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i36234-Қазақстанның_көгінде_бірінші_әйел_ұшқыш_ұшты
Қазақстан Қарулы күштерінің бірінші әйел ұшқышы «Л-39» ұшағымен көкті бағындырды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 16, 2018 21:51 Asia/Almaty
  • Қазақстанның көгінде бірінші әйел ұшқыш ұшты

Қазақстан Қарулы күштерінің бірінші әйел ұшқышы «Л-39» ұшағымен көкті бағындырды.

Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстан Қарулы күштеріне қарасты алғашқы әйел ұшқыш Ардана Ботай Қазақстан Әуе күштерінің 538998 бөлімшесінде қызмет етеді.

Ол кішкентай кезінен соғыс ұшағының ұшқышы болуды армандаған. 16 жасында мемлекеттік авиация орталығына оқуға түсіп, сол жерде ТЛ-2000, Diamond-42 және Techam-P 2002 ұшақтарымен танысқан.

Ботай Қазақстанның Азаматтық авиация академиясын аяқтаған соң 2010 жылы қаңтарда Н-26 әскери тасымал ұшағы капитанының көмекшісі болып, осы саладағы жұмысын бастаған.

Ботай ақпарат құралдарына берген сұхбатта ұшқыштың жұмысындағы ең маңызды жайттардың бірі ретінде кез келген жағдайда дұрыс шешім қабылдап, соны жылдам жүзеге асыра білу деп атады. Себебі, ол ұшқыштарды аспанның қорғаушылары санайды.