Астанада халықаралық экономикалық форум өтеді
Қазақстанның Ұлттық экономика министрінің орынбасары осы елдің Елордасы Астана қаласында халықаралық экономикалық форумның өткізілетінін хабарлады.
Fars хабар агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанның Ұлттық экономика министрінің орынбасары Руслан Даленов хабар брифингінде мамыр айының 17 күні өтетін форумның бұрынғы отырыстардан негізгі айырмашылығын жаңа формат пен оның әлемдік жұмыс тәртібіне ие болуы деп атап: «Бұл форум он жылдан бері өткізіліп келеді. Осы мерзімде көптеген жетістіктерге қол жеткізілді. Онда 11 маңызды тақырып, соның ішінде биткойн, робот техника, механикалық машиналар тақырыбы қарастырылады. Францияның бұрынғы президенті Франсуа Олланд пен БҰҰ-ның бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мун форумға қонақ ретінде қатысады» деді.