Қазақстанның айлақтарында АҚШ-тың әскери базалары құрылғаны туралы уәж теріске шығарылды
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі кейбір ресейлік ақпарат құралдарының Қазақстанның Каспий теңізіндегі айлақтарында америкалық әскери базалардың құрылғанына негізделген ақпаратты таратуына наразылық білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің жұма күнгі мәліметі бойынша, Ресейдегі Қазақстанның елшілігі мәлімдеме жариялап, бұл елдің Каспий теңізіндегі айлақтарында АҚШ-тың әскери базаларының құрылғаны туралы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.
Бұл мәлімдемеде: "Мұндай қауесеттердің таралуы америкалық әскерилердің жүктерін Қазақстанның темір жолы арқылы Ауғанстанға тасымалдау туралы Қазақстан мен АҚШ арасында 2010 жылы 20 маусымда қол қойылған келісімге байланысты болып отыр",- деп жазылған.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұл мәлімдемеде ресейлік ақпарат құралдарында осындай негізсіз әрі жалған қауесеттерді таратқан адамдарды анықтауды сұрауды.
Мұның алдында кейбір ресейлік ақпарат құралдары АҚШ пен Қазақстан арасында Каспий теңізінде америкалық әскери базалар құру жөнінде келісімге келгені туралы хабарлады.