Иран грек-рим күресі бойынша Қазақстанда өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлде алды
Maм 06, 2018 14:46 Asia/Almaty
Иранның 97 килограмм салмақтағы спортшысы Хамидреза Бадкан Қазақстанда грек-рим күресі бойынша өтіп жатқан Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған халықаралық турнирде күміс медаль алды.
IRNА-ның хабарлауынша, Хамидреза Бадкан сенбі күні кешке алтын жүлде үшін өткен ақтық сайыста қазақстандық балуанмен күресіп, жақын күресте 5:4 есебімен өз қарсыласынан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған жастар арасындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир жұма күні таңертең Қазақстанның Ақтау қаласында басталды.
Тегтер