Иран грек-рим күресі бойынша Қазақстанда өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлде алды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i36730-Иран_грек_рим_күресі_бойынша_Қазақстанда_өтіп_жатқан_халықаралық_турнирде_күміс_жүлде_алды
Иранның 97 килограмм салмақтағы спортшысы Хамидреза Бадкан Қазақстанда грек-рим күресі бойынша өтіп жатқан Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған халықаралық турнирде күміс медаль алды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 06, 2018 14:46 Asia/Almaty
  • Иран грек-рим күресі бойынша Қазақстанда өтіп жатқан халықаралық турнирде күміс жүлде алды

Иранның 97 килограмм салмақтағы спортшысы Хамидреза Бадкан Қазақстанда грек-рим күресі бойынша өтіп жатқан Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған халықаралық турнирде күміс медаль алды.

IRNА-ның хабарлауынша, Хамидреза Бадкан сенбі күні кешке алтын жүлде үшін өткен ақтық сайыста қазақстандық балуанмен күресіп, жақын күресте 5:4 есебімен өз қарсыласынан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Жақсылық Үшкемпіров жүлдесіне арналған жастар арасындағы грек-рим күресінен халықаралық турнир жұма күні таңертең Қазақстанның Ақтау қаласында басталды.