АҚШ-тың әскери құралдарын Қазақстан арқылы Ауғанстанға жөнелтуге рұқсат берілді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i36732
Қазақстан президенті АҚШ-тың әскери құрал-жабдықтарын осы ел арқылы Ауғанстанға тасымалдауға рұқсат берді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 06, 2018 14:50 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың әскери құралдарын Қазақстан арқылы Ауғанстанға жөнелтуге рұқсат берілді

Қазақстан президенті АҚШ-тың әскери құрал-жабдықтарын осы ел арқылы Ауғанстанға тасымалдауға рұқсат берді.

Mehr News ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-тың әскери құраладарын осы ел арқылы Ауғанстанға тасымалдауға рұқсат берді.

Вашингтон мен Исламабад арасындағы қатынастар нашарлаған соң өткен жылы Нью-Йоркте АҚШ пен Қазақстан басшылары арасында осы меморандумға қол қойылды. Мұның алдында Пәкістан америкалық және НАТО әскерилерінің құрал-жабдықтарын тасымалдайтын жалғыз әрі ең қысқа жол саналатын.