Қазақстан президенті Жээнбеков және Саргсянмен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Sun, 06 May 2018 08:55:20 GMT )
Maм 06, 2018 14:55 Asia/Almaty
  • Қазақстан президенті Жээнбеков және Саргсянмен телефон арқылы сұхбаттасты

Қазақстан президенті қырғыз және армениялық әріптестерімен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесті.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні жеке-жеке телефон арқылы сұхбаттарында Қырғызстанның басшысы Сооронбай Жээнбеков және Армения президенті Армен Саргсянмен сөйлесті.

Назарбаев пен Жээнбеков арасындағы сұхбат барысында екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен көкжиектері, алдыңғы келісімдерді жүзеге асыру үдерісі мен қос тараптың Еуразия экономикалық одағы шеңберіндегі өзара әрекеттестіктері талқыланды.

Қазақстан президентінің армениялық әріптесімен өткізген сұхбаты кезінде Еревандағы қазіргі ішкі жағдай қарастырылып, Назарбаев Армения халқының ортақ құқықтық негіздегі сындарлы диалог арқылы бұл дағдарыстан шығаратын дұрыс бағытты табатындығына сенім білдірді.