Maм 06, 2018 15:40 Asia/Almaty
  • Астана қаласында

Қазақстанның елордасы Астана қаласында "Имам Хомейнидің ойшылдық антропологиясы" атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, "Имам Хомейнидің ойшылдық антропологиясы" атты кітаптың қазақ тіліндегі нұсқасын таныстыру рәсімінде кітаптың аудармашысы Бақытқожа Рүстемов осы күнге дейін әлем елдерінің танымал жетекшілерінің ойлары туралы 30-ға жуық кітаптың орыс, қазақ және өзбек тілдеріне аударылғанын айтып: "Имам Хомейнидің ойшылдық антропологиясы" атты кітаптың басқа кітаптардан айырмашылығын ИИР-ның негізін қалаушының ойларының Құран мен шариғатқа негізделгені деп атады.

ИИР-ның Қазақстандағы мәдени өкілі Масуд Шейх Зейнеддин тұсаукесер рәсімінде Иран мен Орта Азияның байырғы көршілер екенін, сондықтан өз мәдениеттерінде көптеген ортақтастықтарға ие екендігін айтып: "Мәдени ортақтастықтар халықтарды бір-біріне одан ары жақындастыра түседі",-деді. 

 

Тегтер