2018 жылы Қазақстан үкіметінің қарызы 20 пайызға артты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i36900-2018_жылы_Қазақстан_үкіметінің_қарызы_20_пайызға_артты
Қазақстан үкіметінің қарызы 2018 жылдың наурыз айында 20 пайыздық өсіммен 45 млрд доллардан асты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 13, 2018 02:03 Asia/Almaty
  • 2018 жылы Қазақстан үкіметінің қарызы 20 пайызға артты

Қазақстан үкіметінің қарызы 2018 жылдың наурыз айында 20 пайыздық өсіммен 45 млрд доллардан асты.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан үкіметінің қарызы 2018 жылдың наурыз айында 14,8 трлн теңге (45,25 млрд доллар) деп есептелді, яғни өткен жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға артқан.

Қазақстанның қарызы жалпы алғанда 43,73 млрд доллар мемлекеттік және 1,3 млрд доллар мемлекет кепілдендірген қарыздан тұрады. Бұл қарыздар бір жылдың ішінде тәртіп бойынша 20,1 және 59,4 пайызға артты. Қалған 115,6 млн доллар мемлекеттік борыш болып табылады.

Қазақстан үкіметі қарызының басты бөлігін үкіметтің ішкі қарызы құрайды. Ол өткен бір жылдың ішінде 30,9 пайызға артып, 13,45 млрд доллардан 17,4 млрд долларға дейін жетті.