Астана үдерісін кепілдендіруші елдердің жоғары лауазымды өкілдерінің екінші отырысы өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i36988-Астана_үдерісін_кепілдендіруші_елдердің_жоғары_лауазымды_өкілдерінің_екінші_отырысы_өтті
Астана үдерісін кепілдендіруші елдердің Сирияға қатысты үшжақты келіссөздерінің тоғызыншы кезеңінің екінші күні Иран, Ресей мен Түркия өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның елордасы Астанада өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 16, 2018 01:06 Asia/Almaty
  • Астана үдерісін кепілдендіруші елдердің жоғары лауазымды өкілдерінің екінші отырысы өтті

Астана үдерісін кепілдендіруші елдердің Сирияға қатысты үшжақты келіссөздерінің тоғызыншы кезеңінің екінші күні Иран, Ресей мен Түркия өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның елордасы Астанада өтті.

Иран, Ресей мен Түркияның келісімгерлері Хосейн Джабер Ансари, Александр Лаврентьев пен Сейдат Онал Астанада өткен үшжақты отырыста Сирия соғысында қамауға алынғандар және жоғалып кеткендермен алмасуға қатысты арнайы топтың үшінші отырысын өткізудің уақыты мен жерін айқындады.

Осы келіссөздерде, сондай-ақ,   "Сирия бейбітшілігі" атты 9-шы халықаралық конференцияның қорытынды мәлімдемесінің жобасы қортындыланып, Астана үдерісінің келесі отырысын өткізу туралы сұхбат жүргізілді.

"Сирияның бейбітшілігі" атты халықаралық конференция Иран, Ресей мен Түркиядан тұратын Астана үдерісін кепілдендіруші елдердің делегациялары, қарулы қарсыластар, БҰҰ мен Дүниежүзілік Қызыл крест ұйымы өкілдерінің қатысуымен екі күн бойы Астанада өтті.

Астана келіссөздері 2017 жылдың қаңтар айынан бастап ИИР-ның бастамасымен және Ресей мен Түркияның әріптестігімен Сирияда бейбітшілік орнату үшін басталды.