Иран мен Қазақстан ынтымақтастықтарын дамытуға мүдделі
ИИР мен Қазақстанның жауапты тұлғалары Астанада екі ел ынтымақтастықтарын дамыту жолдарын қарастырды.
Иран Телерадио бірлестігінің Астанадан хабарлауы бойынша, Қазақстанға ресми сапармен барған ИИР-ның Тау-кен және сауда министрі Мұхаммад Шариатмадари бейсенбі күні Астанада өткен халықаралық экономикалық форум аясында Қазақстанның премьер-министрі Бахытжан Сағынтаевпен өткізген кездесуде ирандық сарапшылардың Иранның Еуразия экономикалық одағымен меморандумға қол қою үшін сауда артықшылықтары туралы әзірлеген екі жылдық зерттеулерінен мәлімет ұсынып, бұдан былай Иран мен ЕЭО-на мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастар деңгейінің артатындығына үміт білдірді.
Қазақстан премьер-министрі де Иранның тарихи және көршілес ел ретіндегі өткеніне тоқталып, Иранның тасымал, ауыл шаруашылығы мен энергетика салаларындағы ынтымақтастықтарының әлеуеттерін пайдалануды сұрады.
Мұхаммад Шариатмадари сондай-ақ, Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовпен кездесуінде екі елдің экономикалық және банктік салалардағы мүмкіндіктері мен әріптестіктерін талқылады.
Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Иран мен Еуразия экономикалық одағы арасында меморандумға қол қойылғанына сілтеме жасап, Иранның географиялық орны мен Қазақстанның азат суларға қол жетімділігінің болмауына байланысты Қазақстан тауарларын Иран арқылы экспорттауды ең жақсы әрі ең тиімді жол деп атады.