Иран мен Қазақстанның экономикалық айналымын 2 есе арттыратын мүмкіндік бар
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i37104-Иран_мен_Қазақстанның_экономикалық_айналымын_2_есе_арттыратын_мүмкіндік_бар
Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Шариятмадари Иран мен Қазақстанның экономикалық айналымын 2 есе арттыратын мүмкіндік бар екенін айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 20, 2018 13:38 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстанның экономикалық айналымын 2 есе арттыратын мүмкіндік бар

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Мұхаммад Шариятмадари Иран мен Қазақстанның экономикалық айналымын 2 есе арттыратын мүмкіндік бар екенін айтты.

IRNA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Астана халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін Қазақстанның елордасына барған Мұхаммад Шариятмадари екі ел қарым-қатынасының ежелден келе жатқанын айтып: "Иран мен Қазақстан арасындағы консулдық және банктік істерге қатысты екі келісім толығымен орындалатын болса, екі елдің банкаралық істері еуромен жүріп, сауда қатынасы екі есе артады",-деді.

Мұхаммад Шариятмадари осы форум аясында Иранның сыртқы әлеммен экономикалық белсенділіктерінің көлемін шамамен 200 млрд доллар деп мәлімдеп: "Иран мен Қазақстанның ортақ әріптестігі үшін жақсы сауда-экономикалық әлеуеттер бар",-деді.  

Ол Қазақстанның Иран тауарлары мен техникалық-инженерлік қызметтерін экспорттауға қолайлы нарық екенін айтып: "Екі елдің арасында тас, темір және әуе жолдары саласында жақсы транзиттік әлеуеттер бар. Екі елдің өнеркәсіп, кен және сауда салаларында қарым-қатынасты дамытуға талпыныс жасап жатырмыз",-деп мәлімдеді.