Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының отырысында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i37362-Ұжымдық_Қауіпсіздік_Шарт_Ұйымының_отырысында_ынтымақтастық_меморандумына_қол_қойылды
Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің Астанада өткен отырысында алты ынтымақтастық құжатына қол қойылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 29, 2018 15:15 Asia/Almaty
  • Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының отырысында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің Астанада өткен отырысында алты ынтымақтастық құжатына қол қойылды.

FARS ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, ҰҚШҰ-ның басшысы Юрий Хачатуров ұйымға мүше елдердің Қорғаныс министрлерінің дүйсенбі күнгі Астана отырысы туралы: "Отырыста 11 ынтымақтастық құжаты талқыланып, алтауына қатысты оң шешім қабылданды. АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығуы, қауіпсіздік шаралар, Орталық Азиядағы өзгерістер Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына мүше елдердің Қорғаныс министрлері кеңесінің Астана отырысында қарастырылған мәселелердің қатарын құрады",- деді.                                    ҰҚШҰ-ның басшысы Юрий Хачатуров 2019-шы жылы ортақ әскери маневр өткізуді ұйымның дүйсенбі күнгі өткен отырыстарында қарастырған келесі мәселе болғанын қуаттады.