Қазақстанда құрбан болған ирандықтар үшін ескерткіш орнатылды
Маусым 03, 2018 21:22 Asia/Almaty
Сталин кезінде Кеңес одағының лагерлерінде құрбан болған ирандықтарға арналған ескерткіш саяси қайраткерлердің қатысуымен ашылды.
Ескерткіш Қарағанды қаласынан 30 километр жерде орналасқан Спасск аймағында басқа елдер орнатқан 28 ескерткіштің қасына орнатылды. Ескерткіш 1936-1946 жы.ж. абақтыларда қаза болған ирандықтарды еске салады.
Кеңес одағы кезінде 12000-нан астам ирандық Қызыл армияның қолына түсіп, лагерлер мен абақтыларға ауыстырылды, олардың алты мыңнан астамы өлім жазасына кесілді.