Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік басшысы болды
(last modified Sat, 14 Jul 2018 16:16:03 GMT )
Шіл 14, 2018 22:16 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік басшысы болды

Қазақстанның Ата заң кеңесі Нұрсұлтан Назарбаевтың бұл елдің Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік басшылығын растады.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік басшысы болу құқығы туралы мәселені ағымдағы жылдың мамыр айының соңына дейін елдің Сенаты бекітіп, осыдан бір апта бұрын оған президенттің қолы қойылды. Заңға енгізілген өзгерістер Қауіпсіздік кеңесіне қорғаныс  пен ұлттық қауіпсіздік, тәуелсіздік пен территориялық тұтастықты қорғау, қоғамдық, саяси және құқықтық тұрақтылық пен азаматтық азаттық мәселелеріне қатысты ықтиярларды берді.