Иранның ұшқышсыз ұшақтары мен артиллерия командасы Қазақстанға келді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i38411-Иранның_ұшқышсыз_ұшақтары_мен_артиллерия_командасы_Қазақстанға_келді
ИИР армиясы Әуе күштерінің ұшқышсыз ұшақтар командасы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының артиллериялық командасы «Армия-2018» халықаралық сайысына қатысу үшін бейсенбі күні таңертең Қазақстанның Алматы әуежайына келіп жетті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Шіл 26, 2018 13:07 Asia/Almaty
  • Иранның ұшқышсыз ұшақтары мен артиллерия командасы Қазақстанға келді

ИИР армиясы Әуе күштерінің ұшқышсыз ұшақтар командасы мен Ислам революциясы Сақшылар корпусының артиллериялық командасы «Армия-2018» халықаралық сайысына қатысу үшін бейсенбі күні таңертең Қазақстанның Алматы әуежайына келіп жетті.

«Армия-2018» халықаралық сайысы ИИР, Ресей, Армения, Әзірбайжан республикасы, Беларусь және Қазақстан Қарулы күштері командаларының қатысуымен 1 тамыздан бастап он күн бойы Қазақстанның оңтүстігіндегі Отар ауылдық округінде өтеді.

ИИР Елшілігінің әскери атташесі бірінші дәрежелі капитан Хосейн Харири «Армия-2018» халықаралық сайысы аясында Иранның мәдениеті мен өнерін және Қарулы күштерінің ерліктерін көрсететін мәдени көрме ұйымдастырылатынын айтты.