Каспий теңізінде бөгде елдердің әскерилерінің орналасуына тыйым салу жөнінде бірауыздылық бар
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i38636-Каспий_теңізінде_бөгде_елдердің_әскерилерінің_орналасуына_тыйым_салу_жөнінде_бірауыздылық_бар
ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні кешке Қазақстанда өткен Каспий теңізі маңындағы елдер Сыртқы істер министрлерінің саммитінде бұл теңізде бөгде елдердің әскерилерінің болуы мен өтуіне тыйым салу туралы бірауыздылықтың бар екендігін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 12, 2018 15:45 Asia/Almaty
  • Каспий теңізінде бөгде елдердің әскерилерінің орналасуына тыйым салу жөнінде бірауыздылық бар

ИИР Сыртқы істер министрі Зариф сенбі күні кешке Қазақстанда өткен Каспий теңізі маңындағы елдер Сыртқы істер министрлерінің саммитінде бұл теңізде бөгде елдердің әскерилерінің болуы мен өтуіне тыйым салу туралы бірауыздылықтың бар екендігін хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Мұхаммад Джавад Зариф  осы отырыста: «Каспий маңындағы 5 ел өз басшыларының оң ерік-жігері мен достық және жасампаздық кеңістігінде Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция мен  6 келісім мен протоколға қой қойып, бес ел басшылары саммитінің мәлімдемесін жариялайды»,-деді.

Зариф 21 күн бұрын қоршаған ортаның трансшекаралық әсерлері туралы протоколға қол қойылғанын айтып: «Бұл оқиғалар жалпы Каспий теңізі маңындағы елдердің үкіметтері мен халықтары үшін жарқын болашаққа деген үміттің нышаны саналады»,-деді.