ҰҚШҰ басшылары сессиясының соңында 16 серіктестік құжатына қол қойылды
(last modified Sun, 11 Nov 2018 12:00:01 GMT )
Қар 11, 2018 18:00 Asia/Almaty
  • ҰҚШҰ басшылары сессиясының соңында 16 серіктестік құжатына қол қойылды

ҰҚШҰ басшылары сессиясының соңында 16 серіктестік құжатына қол қойылды

Қазақстан мен Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары мен Армения премьер-министрі әртүрлі серіктестік құжатына, соның ішінде арнайы әскери күштер құру, ортақ барлау саясатын жүзеге асыру, дағдарыстарды шешу орталығын іске қосу және есірткі заттар контрабандасымен күресетін ұйымдардың серіктестігін арттыру туралы келісімдерге қол қойды.
ҰҚШҰ құрылуының алғашқы мақсаттарына байланысты осы ұйымның арнайы күштерін құру мақсатындағы талпыныстары өте маңызды.

ҰҚШҰ 1992 жылы әрүрлі мақсаттармен құрылды. Сол себепті Солтүстік Атлантикалық Келісім Ұйымы НАТО-ның аумағын кеңейту жолдарын шектеу мен Американың Орталық Азия мен Кавказдағы, жалпы Ресеймен көршілес елдердегі ықпалын азайту басқа мақсаттарымен салыстырғанда маңыздырақ.

Сонымен қатар ортақ барлау жүйесін құру, дағдарыстарды шешу орталығын іске қосып, ортақ барлау саясаттарын жүзеге асыру да ұйым басшылары Астана ссессиясында бірауыздан келіскен негізгі қажеттіліктер саналады.

ҰҚШҰ басшыларының сөздерінен осы ұйымның қаулыларына қатысты қайшылықтардың байқалады. Мысалы, 2015 жылғы ақпан отырысында ұйым басшылары Әзірбайжан мен Армения республикаларының Қарабаққа қатысты аумақтық қайшылығына әскери тұрғыдан араласпайтындықтарын қуаттаған болатын.  

Қалай болғанда да басшылары ұйымды қайта құру арқылы аймақ пен әлемде маңыздырақ рөлге ие болуды көздейтіндей көрінеді.

Бұл аймақ елдерінің келесі маңызды түйткілдерінің біріне Сауд Арабиясы мен Парсы Шығанағындағы кертартпа араб елдері арқылы енетін лаңкестік пен экстремизге алаңдаушылықтары жатады. Сол себепті қауіп-қатер мен лаңкестікті ҰҚШҰ-ның маңызды алаңдаушылыықтары деп атау керек.

Шын мәнінде, өткен он жылдың ішінде Орталық Азия мен Кавказдың кейбір мемлекеттері Арабстан және БАӘ-мен серіктестік жасауға тартылғаннан бері қауіпсіздік пен діни экстремизм мәселелері осы аймақ елдерін жағадан алып отыр.

Сауд режимі көп шығын жұмсап, Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің мұсылман жастарын алдап, Америка мен Израильдің мақсаттарын жүзеге асыру үшін оларды Сирия мен Иракқа аттандырды.

Арабстанның ықпалы мен ақшасы мүмкін осы аймақ елдерінің кейбір басшыларына уақытша бақуаттылық сыйлар. Бірақ, соңында сол аймақтағы елдердің қауіпсіздігіне соқтырады.

ҰҚШҰ-ның басшылары өткен он жылдың ішінде Орталық Азияда, әсіресе Тәжікстанда лаңкестік қаупі және ДАИШ лаңкестік тобының базаларын құруымен күресу үшін ондаған отырыс өткізді.