Назарбаев Трамптың басқыншылық саясатын сынады
Қазақстан Президенті АҚШ Президентінің басқыншылық саясатын әлемнің экономикасы, қауіпсіздігі мен тұрақтылығына төнген шынайы қауіп деп атады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбі күні: "Дональд Трамптың басқа елдерге, әсіресе Қытайға қарсы жүргізіп жатқан сауда соғысы әлем экономикасының әлсіреп, экстремизмнің таралып, лаңкестік қимылдардың артуынан басқа нәтиже бермейді",-деді.
Қазақстан Президенті даму үстіндегі елдерді АҚШ-тың басқыншы саясаттарынан зиян шегетін басты елдер екенін айтып, Дүниежүзілік сауда ұйымында реформалар жасау арқылы АҚШ-тың әлемдік саудаға қарсы қоқан-лоққыларымен күресу қажеттігін қуаттады.
Назарбаев кедейшілік пен жұмыссыздықты лаңкестік, миграция мен сепаратизмнің күшеюінің басты дәлелдері деп атап: "Мұндай жағдай Ауғанстанда болды. Бұл елдегі соғыс есірткі заттары контрабандасы, лаңкестік пен экстремизмнің артуына әкеліп соқтырды",-деді.