Назарбаев: Мерзімінен бұрын сайлау өтпейді
ҚР Президенті кезектен тыс президенттік сайлаудың өтетіні туралы қауесеттерді теріске шығарып: "Президенттік және парламенттік сайлаулар бағдарлама бойынша 2020 және 2021 жылдары өтеді",-деді.
"Тасним" ақпарат агенттігінің AKIpress-ке сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше тілшілерге берген сұхбатында Қазақстанда мерзімінен бұрын ешқандай сайлаудың өтпейтінін, президенттік сайлаудың 2020 жылы белгіленген мерзімде өтетінін айтты.
Назарбаев сайлаудың өту үдерісіне тоқталып: "Парламентке шағымдар түсті. Сондықтан депутаттар да мерзімінен бұрын сайланбайды. Парламенттік сайлау 2021 жылы өтеді",-деді.
Қазақстанда соңғы рет мерзімінен бұрын сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өткізілген болатын. Сайлауда Назарбаев 97,75 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен. Сол кезеңде Қазақстанның Коммунистік партиясының өкілі Тұрғын Сыздықов, партиядан тыс саясаткер Әбілғазы Құсайынов сайлауға қатысып, 3 пайыздан аз дауыс жинады.
Қазақстанда президенттік сайлау 5 жылда бір рет өтеді.