Өзбекстан Қытай, Қазақстан, Түркіменстан мен Иранның темір жолына қосылды
(last modified Sun, 07 Apr 2019 13:04:18 GMT )
Сәу 07, 2019 19:04 Asia/Almaty
  • Өзбекстан Қытай, Қазақстан, Түркіменстан мен Иранның темір жолына қосылды

Өзбекстан аймақ елдеріне тауар тасымалы мен транзитін арттыру мақсатында Қытай, Қазақстан, Түркіменстан мен Иран арасындағы темір жолға қосылды.

Fars ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстан, Қытай, Иран мен Түркіменстан елдері темір жол өкілдерінің Алматыдағы отырысына қатысушылар Өзбекстанның ортақ тасымал мен транзитке қосылуына келісім берді.

Осы мәлімет бойынша, отырыста Иран мен Қытай бағытында тауар айналымы көлемін арттыру, тұрақты түрде контейнермен қамтамасыз ету, 2019 жылы Қытай, Иран, Қазақстан, Түркіменстан мен Өзбекстан жолында жүк тиелген контейнерлердің тарифтерін белгілеу сияқты тақырыптар талқыланды.