Иран мен Қазақстанның қарым-қатынасына – 27 жыл
ИИР-ның IRNA ақпарат агенттігі мен Қазақстанның «Қазақпарат» ресми ақпарат агенттігі Иран мен Қазақстан байланыстарының 27 жылдығына орай әртүрлі тақырыптардағы сурет көрмесін ұйымдастырды.
Қазақстандағы ИИР елшісі Маджид Сабер Нұр-Сұлтан қаласында сурет көрмесінің ашылу рәсімінде екі елдің ежелден келе жатқан достық қарым-қатынасына тоқталып, 1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастың орнатылуын халықтардың тарихи қарым-байланыстарының қайта жаңғыруы деп атап, Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндері Иранның өз елшілігін ашқан алғашқы елдердің бірі болғанын айтты.
«Қазақпарат» агенттігінің директоры Асқар Омаров көрменің ашылуына ризалық білдіріп, IRNA ақпарат агенттігі мен Қазақстанның «Қазақпарат» агенттігінің ынтымақтастығын оң бағалап, Иран мен Қазақстан арасында ақпарат саласында ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделік танытты.