Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге аттанды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i41933-Нұрсұлтан_Назарбаев_Бейжіңге_аттанды
Қазақстанның бұрынғы Президенті "Жібек жолы" жобасына қатысты «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі 2-ші форумға қатысу үшін Қытай астанасы Бейжіңге аттанды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 26, 2019 20:10 Asia/Almaty
  • Нұрсұлтан Назарбаев Бейжіңге аттанды

Қазақстанның бұрынғы Президенті "Жібек жолы" жобасына қатысты «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоғары деңгейдегі 2-ші форумға қатысу үшін Қытай астанасы Бейжіңге аттанды.

Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның бұрынғы Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық отырыс аясында Қытай басшымен кездесіп, пікір алмасатынын хабарлады.

«Жібек жолы» жобасына қатысты  «Бір белдеу, бір жол» халықаралық ынтымақтастық жөніндегі  жоғары деңгейдегі 2-ші форум әлемнің 110 елінің, соның ішінде ИИР өкілдерінің қатысуымен кеше, бейсенбі күні Бейжіңде өз жұмысын бастады. Халықаралық форумға 40 елдің басшылары мен шамамен 120 елдің министрлері қатысады.