Қазақстанның бір оппозициялық партиясы президенттік сайлауға байкот жариялады
Қазақстанның Ұлттық социал-демократиялық партиясы жуырдағы отырысында осы елде мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлауға байкот жариялайтынын мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның президенттік сайлауында осы елдің Ұлттық социал-демократиялық партиясы атынан өзін үміткер деп таныстырған қазақ тілшісі Ермұрат Бапи үміткерлігін қайтарып алатынын хабарлады.
Бапи осы партияның жиналысында: "Партияластардың пікірлерін назарға алып, осындай шешімге келдім",-деді.
Ол "Шындықтан қашып құтыла алмайсың" деген ұран үшін бірнеше әлеуметтік белсендінің қамауға алынып, оларға айыппұл салынғанына тоқталып: "Қазір ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында дүниеге келген буын наразылық білдіріп жатыр",-деді.
Қазақстанның Ұлттық социал-демократиялық партиясы 2016 жылғы парламенттік сайлауда 7 пайыздық межеден аса алмай, ел Парламентіне енбеген болатын.