Қазақстанда Назарбаевқа қарсы халық митинг өткізді
Қазақстанның бұрынғы Президентіне қарсы халық Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында митинг өткізді.
IRNA ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, шерушілер Қазақстанда болатын президенттік сайлауға байкот жариялауды талап етті.
Бұл митинг осы ел үкіметіне қарсы банкир Аблязовтың шақыруымен Алматы қаласының Орталық саябағында, Нұр-Сұлтан қаласының алаңдарының бірінде өтті.
Қазақстанның BTA банкінің бұрынғы басшысы Аблязов осы елдің үкіметі тарапынан ақша жымқырды және кісі өлтірді деп айыпталған соң, бірнеше жыл бұрын Францияға қашып кеткен болатын.
Митингтерде бірнеше адам қамауға алынды.
Қазақстанның бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ортаазиялық осы елді 30 жыл басқарғаннан кейін 19 наурызда биліктен бас тартты.