Алматы Қазақстан мен Қытай іскерлерінің халықаралық форумын өткізеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42074-Алматы_Қазақстан_мен_Қытай_іскерлерінің_халықаралық_форумын_өткізеді
Бір қытайлық өкіл 15 мамырда Алматы қаласында Қазақстан мен Қытайдың ортақ сауда форумы өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 11, 2019 16:45 Asia/Almaty
  • Алматы Қазақстан мен Қытай іскерлерінің халықаралық форумын өткізеді

Бір қытайлық өкіл 15 мамырда Алматы қаласында Қазақстан мен Қытайдың ортақ сауда форумы өтетінін хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қытай Сауда министрлігінің ресми өкілі Гао Фэнг: "Жүздеген мемлекеттік қызметкер мен қазақ-қытай саудагерлерінің қатысуымен мамыр айында Қазақстанның Алматы қаласында өтетін сауда форумында "Бір белбеу – бір жол" жобасы аясында әріптестіктің жаңа мүмкіндіктері талқыланатын болады",-деді.

Сондай-ақ, Алматы сауда форумына қатысушылар электронды саудаға жағдай жасау және оны дамыту жөнінде пікір алмасатын болады.