Түркия Сыртқы істер министрі Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады
Түркия Сыртқы істер министрі Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты дамытып, нығайту қажеттігін қуаттады
Anadolu ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауы бойынша, Мевлют Чавушоғлы Қазақстанға сапарында Нұр-Сұлтан қаласында осы елдің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.
Түркия Сыртқы істер министрі екі ел арасында инвестиция салуды арттыру қажеттігін айтып: «Түркия Қазақстанмен ауыл шаруашылығы мен туризм салаларында тәжірибе алмасуды қалайды»,-деді.
Қазақстан Президенті осы кездесуде Анкара мен Нұр-Сұлтан арасында сауда айналымының шамамен 2 млрд долларды құрайтынын айтып, түркиялық іскерлердің Қазақстандағы белсенді жұмыстарына қолдау білдірді.