Түркия Сыртқы істер министрі Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i42231-Түркия_Сыртқы_істер_министрі_Қазақстанмен_қарым_қатынасты_кеңейту_қажеттігін_қуаттады
Түркия Сыртқы істер министрі Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты дамытып, нығайту қажеттігін қуаттады
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 25, 2019 14:41 Asia/Almaty
  • Түркия Сыртқы істер министрі Қазақстанмен қарым-қатынасты кеңейту қажеттігін қуаттады

Түркия Сыртқы істер министрі Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты дамытып, нығайту қажеттігін қуаттады

Anadolu ақпарат агенттігінің жұма күні хабарлауы бойынша, Мевлют Чавушоғлы Қазақстанға сапарында Нұр-Сұлтан қаласында осы елдің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев және қазіргі басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесті.

Түркия Сыртқы істер министрі екі ел арасында инвестиция салуды арттыру қажеттігін айтып: «Түркия Қазақстанмен ауыл шаруашылығы мен туризм салаларында тәжірибе алмасуды қалайды»,-деді.

Қазақстан Президенті осы кездесуде Анкара мен Нұр-Сұлтан арасында сауда айналымының шамамен 2 млрд долларды құрайтынын айтып, түркиялық іскерлердің Қазақстандағы белсенді жұмыстарына қолдау білдірді.