Әйелдер Қазақстанда әлеуметтік жағдайдың нашарлығына наразылық білдірді
(last modified 2019-06-04T09:51:42+00:00 )
Маусым 04, 2019 15:51 Asia/Almaty
  • Әйелдер Қазақстанда әлеуметтік жағдайдың нашарлығына наразылық білдірді

Қазақстанда жүздеген әйел әлеуметтік жағдайдың нашарлығына наразылық білдіру үшін Нұр-Сұлтан қаласында Ақорда мен үкімет ғимараты алдында жиналды.

IRNA ақпарат агенттігінің дүйсенбі күні хабарлауы бойынша, Қазақстан Президентінің Ақордасы алдында жиналған әйелдер осы ел үкіметінен көпбалалы отбасылар мен жалғыз басты әйелдерге әлеуметтік жеңілдіктер беру туралы уәделерін орындауды талап етті.

Қазақстанның Еңбек және әлеуметтік қамту министрі Бердібек Сапарбаев пен елдің бірқатар ресми тұлғалары наразы топтың алдына шығып, жиынды тоқтатуды сұрады.

Қазақстанда наразылықтар биылғы жылдың ақпан айында бір үйдің ауласындағы уақытша жай өртеніп, 5 бала қайтыс болғаннан кейін жиілей түсті.    

Тегтер