Ертең Қазақстанда президенттік сайлау болады
Маусым 08, 2019 16:30 Asia/Almaty
Ертең Қазақстанда 7 үміткердің бәсекелестігімен президенттік сайлау болады.
Fars ақпарат агенттігінің сенбі күні хабарлауы бойынша, 9 маусым сағат 07:00-де Қазақстанда президенттік сайлау басталып, жоспар бойынша кешкі сағат 20:00 аяқталады.
Осы мәліметке сәйкес, Әміржан Қосанов, Төлеутай Рақымбеков, Сәдібек Түгел, Жамбыл Ахметов, Амангелді Тасбихов, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дәния Еспаева – Қазақстандағы президенттік сайлаудың 7 үміткері.
Қазақстандағы президенттік сайлау осы елдің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 20 наурызында тосын жағдайда биліктен бас тартып, содан бері Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша Президент ретінде ел басқаруды мойнына алған жағдайда өткізілгелі отыр.
Тегтер