Қазақстанда президенттік сайлау басталды
Қазақстанда президенттік сайлау жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Fars ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауы бойынша, сайлаудың бұл кезеңіне әртүрлі партиялардан 7 үміткер қатысады және бірінші рет осы елдің бұрынғы басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бәсекеге түспейді.
Сайлаудың бұл кезеңінде Дәния Еспаева Қазақстанның «Ақ жол» партиясынан қатысып отырған жалғыз әйел үміткер болып отыр.
Қазақстандағы президенттік сайлау осы елдің бұрынғы басшысы тосын жағдайда президенттік лауазымнан бас тартып, сол кезден бері Қасым-Жомарт Тоқаев уақытша президент ретінде ел басқаруды мойнына алған жағдайда өтіп жатыр.
Аймақтық сарапшылардың айтуынша, Тоқаевтың осы сайлауда жеңіске жету ықтималы зор.