Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтанда Францияның Экономика министрімен кездесті
(last modified Wed, 31 Jul 2019 10:48:30 GMT )
Шіл 31, 2019 16:48 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті  Нұр-Сұлтанда Францияның Экономика министрімен кездесті

Францияның Экономика министрі Нұр-Сұлтанға сапарында Қазақстан Президентінің қабылдауында болды. Тараптар экономикалық байланыстар туралы пікір алмасумен қатар, Эммануэль Макронның да Қазақстанға ресми сапармен келетініне үміт білдірді.

"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Францияның Экономика және қаржы істері министрі Бруно ле Майермен кездесуінде Еуроодақтың Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі екеніне тоқталып: "Біз Францияға Еуроодақтағы негізгі серіктес ретінде қараймыз",-деді.

Қазақстан Президентінің айтуынша, екі ел арасындағы сауда айналымының көлемі 4,5 млрд доллардан асқан, Франциядан Қазақстанға тікелей салынған инвестиция көлемі де 15 млрд доллар межесінен асып түскен.

Ле Майер Тоқаевтың сөздеріне алғыс білдіріп, Қазақстан мен Францияның ұзақ жылдар бойы өзара тиімді стратегиялық әріптестік жасап келе жатқанын айтты.

Тегтер