Қазақстанның жаңа Президенті Қытайға алғаш рет ресми сапармен барады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43007-Қазақстанның_жаңа_Президенті_Қытайға_алғаш_рет_ресми_сапармен_барады
Қазақстан Президенті Қытай басшыларымен ресми кездесу үшін осы елге барады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 10, 2019 19:25 Asia/Almaty
  • Қазақстанның жаңа Президенті Қытайға алғаш рет ресми сапармен барады

Қазақстан Президенті Қытай басшыларымен ресми кездесу үшін осы елге барады.

"Тасним" ақпарат агенттігінің AKIpress-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қыркүйекте Қытайға ресми сапармен барады.

Осыған байланысты Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шухрат Нұрышевпен пікір алмасты. Қазақстанның Қытайдағы елшісі Тоқаевты осы сапарға дайындық үдерісімен таныстырды.

Бұл Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейінгі Қытайға алғашқы ресми сапары болмақ.

Тоқаев бұған дейін Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанға ресми сапармен барған болатын.

Қытай – Қазақстанға инвестиция салатын ең маңызды әрі үздік елдердің бірі. Өткен 10 жылдың ішінде Қытай Қазақстандағы жобаларға 15 млрд доллардан аса инвестиция салды.