Қазақстанда «Дала қыраны- 2016» жаттығуының алғашқы кезеңі басталды
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі америкалық және британдық қарулы күштердің 60- тан астам өкілінің қатысуымен осы елдің бітімгершілік күштері жаттығуының бірінші кезеңінің басталғанын хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің «Қазақпаратқа» сілтеме жасап хабарлауынша, «Дала қыраны – 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының бірінші кезеңі америкалық және британдық қарулы күштердің 60-тан астам өкілінің қатысуымен бүгін сейсенбі күні таңертең Қазақстанның «Іле» жаттығу базасында өтті.
«Дала қыраны – 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуы екі кезеңде өтеді: бірінші кезеңі бүгін Қазақстанда «Қазбат» бітімгершілік сарбаздарының қатысуымен өздерінің америкалық және британдық әріптестерімен, екінші кезеңі Ұлыбританияда өтеді.
Осы жаттығулардың бірінші кезеңінде Қазақстанның «Қазбат» бітімгершілік сарбаздары өздерінің америкалық және британдық әріптестерімен бірге осы батальондағы жұмыс тәсілі, кадрларды басқару, тактикалық байланыстар мен инженерлік операциялар және минадан тазарту жөнінде тәжірибе алмасады.
«Дала қыраны – 2016» тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуының екінші кезеңі Ұлбританияда өтеді. Оған Қазақстанның «Қазбат» батальонынан шамамен 250 сарбаз әскери ұшақтармен жеткізіледі.