Қазақстанда қытайлықтарға қарсы митинг өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43280-Қазақстанда_қытайлықтарға_қарсы_митинг_өтті
Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының 100-ден астам тұрғыны қытайлықтарға қарсы митинг өткізді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қыр 03, 2019 18:43 Asia/Almaty
  • Қазақстанда қытайлықтарға қарсы митинг өтті

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласының 100-ден астам тұрғыны қытайлықтарға қарсы митинг өткізді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше,  Жаңаөзен тұрғындары Қазақстанда қытайлық жұмысшылары санының артуына алаңдаушылық білдірді. Наразылардың айтуынша, Қытай  Қазақстанда 55  зауыт ашып, өзінің 55 миллион азаматын енгізуді көздеп отыр. Бұл әрекет ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер тудырады.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев бұл оқиғаға реакция білдіріп: "Әлеуметтік желілердегі 55 қытайлық зауыдтың құрылуына байланысты хабар шындыққа сай емес, үкімет бұл жобаны толық бақылауға алып отыр",- деді.