Қыр 17, 2019 14:17 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан ақпараттық технологиялар ортақ нарығын құру қажеттілігін қуаттады

Иранның байланыс және ақпараттық технологиялар министрі мен Қазақстанның цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі байланыс және ақпараттық технологиялар саласында ортақ нарық құру қажеттілігін қуаттады.

ИРНА-ның мәліметінше, Мұхаммад Джавад Азари Джаһроми дүйсенбіде ТМД елдері байланыс және ақпарат министрлері одақтастығы отырысының аясында Асқар Жұмағалиевпен кездесіп: «Қазақстан Иран үшін Орталық Азияның байланыс және ақпараттық технологиялар нарығына енуінің дарбазасы»,-деді. Ол цифрлық даму саласындағы аймақ ынтымақтастықтарын жоғары әлуетке ие деп тауып, Қазақстанның үкіметі мен жеке секторын Иранның бұл саладағы көрмесіне қатысуға шақырды. Асқар Жұмағалиев те бұл кездесуде цифрландыру саласындағы екіжақты ынтымақтастықтарды арттыру үшін  Иранға ортақ жобаларға қатысуды ұсынды.

 

Тегтер