Иранның парламенттік делегациясы Қазақстанға келді
Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасының орынбасары Масуд Пезешкиан Еуразия елдері парламенттері төрағаларының отырысына қатысу үшін Қазақстанға келді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің Алматыдан хабарлауы бойынша, ирандық делегацияны бастаған Масуд Пезешкиан Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесіне қатысу үшін дүйсенбі күні кешке Нұр-Сұлтанға келіп жетті. Оны Қазақстан Мәжілісі Төрағасының орынбасары Владимир Башков пен Иран-Қазақстан парламенттік достық тобының басшысы Бейбіт Мамраев қарсы алды.
Еуразия елдері парламенттері төрағаларының IV Кеңесі «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серіктестік» тақырыбында қыркүйектің 23-24 күндері азиялық-еуропалық 70 ел өкілінің қатысуымен Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр.