Иран мен Қазақстан екіжақты ынтымақтастықтарын кеңейтеді
Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрі мен Қазақстан Премьер-министрі екіжақты ынтымақтастықты кеңейту туралы сөйлесті.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрі Махмуд Ходжати жұма күні кешке Нұр-Сұлтанда Қазақстан Премьер-министрі Асқар Маминмен кездесуінде екі елдің әлеуеттері мен қабілеттеріне тоқталып, Иранның өз білімі мен тәжірибесін Қазақстанмен бөлісуге әзірлігін мәлімдеді.
Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин де Иран мен Қазақстан нарығының әлеуеттеріне тоқталып, екіжақты сауда айналымы көлемін арттыруға мүдделік танытты.
Асқар Мамин Қазақстанның тау-кен, фармацевтика, тасымал және екі ел арасында әуе рейстерін арттыру салаларында әріптестік жасауға толық әзір екенін айтты.
Банкаралық қатынас орнату, темір және тас жол тасымалы салаларында әріптестік жасау да Қазақстан Премьер-министрі мен Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрі арасында талқыланған тақырыптардың қатарына жатады.