Иран мен Қазақстан арасында ынтымақтастық құжаттарына қол қойылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43618-Иран_мен_Қазақстан_арасында_ынтымақтастық_құжаттарына_қол_қойылды
Иран мен Қазақстанның сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында екі күнге созылған он алтыншы отырысы екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлерінің ынтымақтастық құжатына қол қоюымен өз жұмысын аяқтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 28, 2019 19:53 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан арасында ынтымақтастық құжаттарына қол қойылды

Иран мен Қазақстанның сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықтары ортақ комиссиясының Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында екі күнге созылған он алтыншы отырысы екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлерінің ынтымақтастық құжатына қол қоюымен өз жұмысын аяқтады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша,  Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрі Махмуд Ходжати мен Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров қол қойған құжаттарда Қазақстанда ирандық банктердің бөлімшелерін ашу, виза ісін жеңілдету, тау-кен саласына инвестиция салу, екі елдің сауда айналымы көлемін арттыру, трансаумақтық егін шаруашылығы, мал шаруашылығы, су жануарларын өсіру, медицина саласындағы ынтымақтастық және әуе тасымалы сияқты тақырыптар қамтылды.