Қазақстанда заңсыз кен өндіру арқылы лаңкестер қаржымен қамтамасыз етіледі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i43627-Қазақстанда_заңсыз_кен_өндіру_арқылы_лаңкестер_қаржымен_қамтамасыз_етіледі
Қазақстан Парламентінің депутаты Альберт Рау лаңкестік ұйымдарға қарасты қылмыскерлер елдегі кен орындарынан тіпті мұнайды заңсыз өндіріп жатқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 29, 2019 19:06 Asia/Almaty
  • Қазақстанда заңсыз кен өндіру арқылы лаңкестер қаржымен қамтамасыз етіледі

Қазақстан Парламентінің депутаты Альберт Рау лаңкестік ұйымдарға қарасты қылмыскерлер елдегі кен орындарынан тіпті мұнайды заңсыз өндіріп жатқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан депутаты Альберт Рау Парламенттің ашық жиналысында лаңкестікпен күрес және ақша жылыстату мәселелеріне тоқталып: "Бұл елде лаңкестік және экстремистік ұйымдарға қарасты қылмыстық топтар заңсыз түрде әртүрлі кен орындарынан қазба байлықтарды, тіпті мұнай өндіріп жатыр.

Бұл Қазақстанның бұрыннан келе жатқан қиындығы. Ұлттық қауіпсіздік комитеті қылмыстық және экстремистік топтардың әртүрлі кен орындарынан қазба байлықтарын, әсіресе мұнай өндіру арқылы табыс табу тәсілдері туралы толық ақпаратқа ие. Алайда мұндай адамдарға қатынас көрсететін заң бекітілмеген. Оларға қатысты ең ауыр айыппұл 100 доллардың көлемінде. Бұл мәселе шағын жеке компаниялардың қылмыстарынан әлдеқайда күрделірек әрі маңыздырақ",-деді.